«Таза қала» экоакциясына жастар қатысты
Семейде жастардың бастамасымен «Таза қала» экологиялық акциясы өтті.
Шаһардағы ең шеткі ауданның бірі - «Водный» кентінің маңы қоқыстан тазартылды.
Соңғы уақытта бұл аумақ бейберекет тұрмыстық қалдықтар тастайтын орынға
айналған. Биыл Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде 35 мың
тоннадан астам қоқыс шығарылып, жүздеген қоғамдық орын мен су айдындары
тазартылған. Акцияның басты мақсаты - аумақты тазарту ғана емес, сондай-ақ
қоғам арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Себебі жиналған
қалдықтардың басым бөлігі - тұрғындардың өздері тастаған тұрмыстық қоқыстар.

