Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі цифрландырылды

Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі цифрландырылды

Қала тазалығы — көзге көрінбейтін, бірақ күнделікті атқаруды қажет ететін жұмыс. Астанада тұрмыстық қалдықтарды басқару енді тек техникаға емес, заманауи технологияларға да сүйеніп отыр. Қоқыс жинау мен өңдеу цифрлық бақылауға көшті. Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада цифрлық технологияларды енгізуді міндеттеді. Бұл тапсырма коммуналдық қызметтер саласында да нақты іске аса бастады. Астанада қоқыс шығаруды басқару жүйесі толықтай цифрландырылып, енді әр жәшік — картада, әр рейс — бақылауға алынды.