«Таза қала» жобасы эфирге оралады
Былтыр көпшіліктің көңілінен шыққан «Таза қала» жобасы эфирге қайта оралды. Бұл жолы түсірілім тобы моноқалаларға басымдық беріп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі экологиялық ахуалды тереңірек талдамақ. Әр шығарылымда тәуелсіз сарапшылар әділ бағасын береді және қалалар рейтингі түзіледі. Тележобаның алғашқы көрсетілімі 7 шілдеде Астана қаласынан бастау алады. Одан кейінгі әр жаңа шығарылым дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 19:30-да көрермен назарына ұсынылмақ.

