Тарының ерекше сорты егілді
Ақтөбеде тарының үш жаңа сорты сынақтан өтуде. Олардың бірі Шығанақ Берсиевтің атымен аталады. Өңірдегі аграрлық-техникалық колледж де даңқты диқанның атында. Бүгін сол оқу орнының студенттері бір гектар алқапқа сол тарының жаңа сортын өз қолдарымен екті. Енді өсіп-өнуін де өздері бақылайды. Тұқым арнайы техникамен емес, қолмен себілді. Мамандар мұны тұқым қорының аздығымен және әр дәнді төкпей-шашпай кәдеге жарату үшін дейді. Енді студенттер әр сорттың өнімділігін зерттеп, олардың ерекшеліктерін салыстырады.

