Экологиялық акция өтті

Экологиялық акция өтті

Түркістан жастары «ЕСО ACTION» челленджін бастады. Табиғат жанашырлары алдымен көшелерді қоқыстан тазартты. Одан кейін әлеуметтік желі арқылы облыстағы 17 аудан мен қала тұрғындарына үндеу жолдады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат – жасыл аймақты кеңейту, экологиялық мәдениетті күшейту және жастардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.

Нариман Мархабаев, Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

- Аудан-қалада өткен осы сияқты челлендждер әлеуметтік парақшаларға салынып, әлеуметтік желідегі жастардың да көзқарасын оңтайландыру, осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қызығушылығын арттыру мақсатында осы жұмыстарды атқарып жатырмыз.