«Жасыл ел» жасақтары қайың көшеттерін отырғызды

«Жасыл ел» жасақтары қайың көшеттерін отырғызды

Өскеменде жас белсенділер қайың отырғызды. Қаланы көгалдандыру жұмыстарына бірнеше жылдан бері «Жасыл ел» жасақтары белсене қатысып жатыр. Олар ағаш отырғызуға қатысты топырақты дұрыс дайындаудан бастап, көшетке қолайлы орын таңдауға дейінгі барлық жұмыстарды жетік меңгерген. Ал, отырғызылған ағаштарға кейін тұрақты күтім жасап тұру да назардан тыс қалмайды. Айта кетейік, өңірде соңғы бірнеше жылда орман қорын қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Биылдың өзінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Өскеменде 115 мың түрлі ағаш көшетін отырғызу жоспарланған.