Жағажайлардан 3 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Жағажайлардан 3 тоннадан астам қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы ел бойынша өтіп жатыр. Әр аймақта жергілікті ерекшелік ескеріледі. Мәселен, Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қонаев қаласында жағажай тазартылды. Акцияға 200-ден астам адам қатысты. Олар 3 тонна қоқыс жинады.