Ecosummer: 100 тонна қоқыс қайта өңделеді

Ecosummer: 100 тонна қоқыс қайта өңделеді

EcoSummer байқауының нәтижесінде 100 тонна қоқыс қайта өңделмек. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық оқушы қатысқан. Олар қағаз, шыны, пластиктің қалдықтарын белгіленген орындарға жинап өткізген екен. Қатысушылар тіпті арнайы бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіге де жариялапты. Соның нәтижесінде ең көп қоқыс жинағандары жүлдегер атанып отыр. Оларға арнайы қаржылай сияқы да табысталды. Айта кетейік, байқау Республикалық Таза Қазақстан акциясы аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған екен. Ол жастарға қоқысты дұрыс сұрыптауды үйретіп, табиғатты қорғауға шақырады. Алдағы уақытта байқау студенттер арасында да жалғасын таппақ.

Нұржан Дүйсебай, «Жасыл даму» компаниясының өкілі:

- Бізде бұл жақта 12 номинация болды, соған қарай 12 жеңімпаз. Талғар, Рудный, Ақтөбеден келген жеңімпаздар бар. Біздің басты мақсатымыз - осы нәрсені басқа да қазақстандықтарға үйрету.Бәрі бірден болмайды, бірақ бірте бірте қалыптасады деп ойлаймын.