Таза Қазақстан: Ерекше форматтағы тазалық шарасы
Көкшетауда тазалық арасы ерекше форматты өтті. Табиғат аясында жүгіріп ,
жол-жөнекей қоқысты жинаудан жарыс ұйымдастырылды. Плоггингке 1 мыңға жуық адам қатысты. Олар
2,5 шақырым жүгіріп, Бұқпа тауына дейін жүздеген қап қоқыс жинап шықты. Қуантарлығы
- бұл үрдісті жастар белсене қолдайды. Мәселен, былтыр небәрі 100-ге жуық адам қатысса,
биыл бұл көрсеткіш 10 есе артқан. Ұйымдастырушылар мұндай шараларды апта сайын өткізуді
көздеп отыр.

