2 млрд түп ағаш отырғызылады

2 млрд түп ағаш отырғызылады

«Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында 2 млрд түп ағаш отырғызалады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Биыл алты өңірде 21 млрд теңгеге барлығы 36 миллион көшет егілмек. Бұдан бөлек, Арал теңізінің табанын көгалдандыру үшін 1 млн гектарда сексеуіл өсіру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы осы науқанның ауқымын жыл сайын кеңейтіп отыруды тапсырған. Сондықтан бұдан былай бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар 2029 жылға дейінгі арнайы тұжырымдама негізінде орындалуға тиіс.