Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті

Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті

Астанада бір миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланған. Бүгін Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Президент алында осындай жоспар барын айтты. Сөзіне қарағанда, кемі 180-нен астам қоғамдық орын мен аула абаттандырылып, көгалдандырылады. Ағаштардың бәрі жеке-жеке құжаттандырылып, сандық есепке тіркеледі. Яғни, қала тұрғындарының QR код арқылы әрбір көк желек туралы ақпарат алып, оған қатысты қандай да бір мәселе туындаса, тиісті органдарға жедел хабарлама бере алады. Мұндай да бар білсеңіз. Бұдан бөлек президент «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында «Жастар» саябағына барып, көппен бірге ағаш егіп, үлкен акцияны бастап берді

Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егілген. Президент экофестивальде сөйлеген сөзінде «Таза Қазақстан» аясында өте ауқымды жұмыс атқарылғанын, миллиондаған тонна қоқыс жиналып, көшет егілгенін тілге тиек етті. Бұл ретте «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясының жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Осы шара шеңберінде бүкіл еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды. Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі.