Жыл бойы жалғасатын жалпыөңірлік сенбілік басталады
Абай облысында жыл бойы жалғасатын жалпыөңірлік сенбілік
басталады. Осыған орай өңір басшысы Берік Уәли облыс тұрғындарына үндеу жасады.
Ол Абай облысы ұлы тұлғаның атымен аталатынын, алаш арыстарының ізі қалған
тарихы терең, табиғаты көркем өңір екенін атап өтті. Сондықтан «ортақ үйімізді
таза, жайлы, көрікті етіп ұстау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деді. Өңір
басшысы өз үндеуінде әрбір тұрғынды туған жердің тазалығына, көркеюіне бірге
үлес қосуға шақырды.

