«Таза Қазақстан» акциясы аясында 1 млн тоннадан астам қоқыс жиналды
Үкімет «Таза
Қазақстан» экологиялық акциясының қорытындысын жариялады. Игілікті шараға 6
миллионға жуық адам атсалысқан. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды
жақсартуға, халықтың қоршаған ортаға деген мәдениетін арттыруға сеп болды.

