Экологиялық мәдениетті қалыптастыру дәрістері

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру дәрістері

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектептер мен жоғары оқу орындарында қосымша экологиялық сабақтар ұйымдастырылып жатыр. Сондай тағылымдық дәрістің бірі Қызылордадағы Исатай Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық жоғары колледжінде өтті. Жалпы білім ордасының ұжымы мемлекет басшысының бастамасын қолдап, экологиялық акцияға белсенді атсалысып келеді. Мақсат - жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға үйрету. Дәрісті белді эколог маман өткізіп, озық елдердің тәжірибесін көрсетті.

 

Анар Ашалимова, оқытушы:

- Оқу жылының басынан бері апта сайын сенбілікке шығамыз. Ауламызды, қоршаған ортамызды тазалаймыз. Студенттеріміз бір қуантарлық жағдай, көшеде жатқан болмаса басқа жерде жатқан қоқысты көрсе көтеріп қоқыс жәшігіне салады.