«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітіледі

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітіледі

«Таза Қазақстан» жобасының аясында алдағы бес жылда 622 мектепке дейінгі білім беру ұйымы құрылады. Онда бүлдіршіндер экологиялық мәдениетті қалыптастыратын арнайы сабақ алады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі айтты. Жомарт Әлиевтің сөзінше, 2029 жылға дейін жоғары оқу орындарында да «Комьнити Гарден» деп аталатын ұйымдар құрылады. Мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясының мұратын түсіндіріп, алда атқарылатын жұмыстарды пысықтау. Айта кетсек, бұл іс-шаралардың барлығы арнайы тұжырымдама аясында іске аспақ. 7 бағытты қамтитын құжат жыл соңына дейін бекітіледі.