Жастар жағалауды қоқыстан тазартты
Солтүстік қазақстандық волонтерлер шомылу маусымы алдында
жағалауларды ретке келтіре бастады. Бұл жолы еріктілер республикалық «Таза
Қазақстан» экоакциясы аясында Алакөл көлінің жағалауын күл-қоқыстан тазалады.
Айта кету керек, бұл жер қала
тұрғындарының жаз бойы демалатын негізгі орындарының бірі. Кезекті мәрте өткен
шараға студенттер, мұғалімдер және белсенділер қатысты. Олар бірнеше командаға
бөлініп, айналадағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинады. Ұйымдастырушылардың
сөзінше мұндай акция экологиялық жағдайды жақсартып ғана қоймай, жастардың
бойына қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жалпы жыл басынан бері еліміздің солтүстігінде «Таза Қазақстан» акциясы
шеңберінде 600-ден астам іс-шара өтіп, 100 тоннаға жуық қалдық жиналды.

