Италиядан келген туристер Таразда тал екті
Тараз қаласын тамашалауға келген Италяндық Гаригга отбасы «Таза Қазақстан» экоакциясына қатысып, Қарахан кесенесі маңына тал екті. Шет ел азаматтары ел бойынша жүріп жатқан тазалық шарасына таңданыстарын білдірді.
Жерорта теңізі жағалауынан келген туристер Қазақстаннның көрікті жерлерін аралап, тарихи
орындарымен танысып жүр. Оның ішінде Қараханидтер дәуірінен бері келе жатқан
Қарахан кесенесіне арнайы келген.
Саяхатшылар сол маңда өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына білек
сыбана араласып кетті. Олар барлық азаматтар қатысып жатқан мұндай ауқымды
жұмыстарға қызыға қарап, өз елдеріне айтып баратындықтарын жеткізді. Бүгінгі
шара аясында 50 түп алма ағашы
егілді.

