Талас өзенінің жағасы тазартылды

Талас өзенінің жағасы тазартылды

Тараздың ерікті жастары Талас өзенінің бойын күл-қоқыстан тазартты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен шараға 50-ге жуық адам қатысты. Бірнеше техника мен арнайы құрылғылар пайдаланылды. Су айдыны маңайын тазартқан жастар мұнда келіп шомылып жүргендерге де ескерту жасап, артық заттарды өздерімен бірге алып кетуді ескертті. Жамбылдық жастар мұндай бастамалар тек бір күндік іс шарамен шектеліп қалмай, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс, - дейді.