Экомәдениет - жарқын болашақтың кепілі

Экомәдениет - жарқын болашақтың кепілі

«Экомәдениет – жарқын болашақтың кепілі». Атырау жастары осындай атаумен ерекше кездесу өткізді. Тазалық тақырыбында өзара пікір алмасып, волонтерлік бастамаларын таныстырды. «Green Step School» жобасының арт-көрмесін тамашалады. Шеберлік сағатына қатысты. Мұндай кездесулер қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігін арттырып, экологиялық сана қалыптастыруға үлес қосады, - дейді ұйымдастырушылар.