«Ертіс – таза жағадан басталады» акциясы өтті
«Ертіс – таза жағадан басталады» - осындай атаумен Курчатов қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Оған шамамен 200-ге жуық тұрғын мен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қатысқан. Сенбілік барысында 5 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Жұрт арасында «Ақ балкон» деп атайтын бұл аумақ – көпшілік жиі келетін орындардың бірі. Қатысушылар өзен жағасын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, айналаны ретке келтірді. Экологиялық акцияға жастармен қатар қала ақсақалдары да атсалысты. Тұрғындардың айтуынша, мұндай бастамалар қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға ықпал етеді.

