Тараз жастары тазалық акциясына қатысты
Тараз жастары тазалық акциясына қатысты. 100 шақты адам
облыс орталығынындағы «Саңырақ батыр» көшесін мұнтаздай етті. шашылып жатқан
пластик заттарды, қоқыстарды жинады. Жаяу жүргіншілер жолын сыпырып, ағаштардан
түскен жапырақтарды жинап, бұтақтарды бұтады.Мұнда сауда орталықтары мен
базарлар көп. Сондықтан жиі тазартып тұрған жөн,- дейді белсенділер. Өңірде
наурыз айынан бері «Таза қала», «Таза кәсіп- таза аймақ», «Жасыл қала», «Болашақты
бірге көркейтеміз», «Жер сағаты» сынды түрлі акциялар өтті.

