Арыс өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды

Арыс өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы Түркістан облысында да жалғасып жатыр. Бұл жолы жұрт Арыс өзенінің жағасын қаптаған қоқыстан арылтуды ұйғарған. Тазалық акциясына шамамен 1200-ден астам адам қатысыпты. Ұйымдастырушылар бұл бір жағынан экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдісі болса, екінші өңір тұрғындарының бірлігін нығайту дейді. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бір күнді науқан емес. Шара аясында ел көлемінде түрлі эко жобалар қолға алынады. Мәселен, бұған дейін мемлекет басшысы бастап, ағаштар отырғызылды. Түркістан өңірінің өзінде 40-қа жуық тазалық акциясы бойынша іс шаралар жүргізу жоспары құрылған.