Аграрлық несие корпорациясының қолдауы

Аграрлық несие корпорациясының қолдауы

Қостанай облысында фермерлер Аграрлық несие корпорациясынан күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге қаржылай қолдау алды. Несие тек 5 пайыздық мөлшерлемемен берілген. Бұл фермерлерге астықты еш қиындықсыз жинап алуға мүмкіндік береді.

Қазір егіс алқаптарында орақ науқаны қызған шақ. Түсім жаман емес. «Нұр-Тоба» қожалығы гектарына 11 центрден өнім алуда. Егін бітік шығады деген болжам болғанымен күн райының жиі құбылуы дәнді дақылдың пісіп жетілуіне кедергі келтірген. Мұндай қысылтаяң шақта Аграрлық несие корпорациясы шаруаларға үнемі қолдау көрсетеді.