Air Astana компаниясы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Кішкентайларға базарлық. Бүгін Air Astana ұжымы жаңа жыл мереке қарсаңында Алматыдағы педагогикалық-психологиялық түзеу орталығы тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Әуе компаниясы мұндай қайырымдылық шарасын өткізуді байырдан дәстүрге айналдырған. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.
Жаңа жыл – балалар асыға күтетін мереке. Әрқайсысы өзінің арман тілегін тізбектеп, Аяз атаға хат жолдайды. Ал, педагогикалық-психологиялық түзеу орталығындағы бүлдіршіндердің Аяз атасы – Air Astana компаниясы.
Сабидам Махмутова, Air Astana әуекомпаниясының бортсерігі:
- Air Astana бұл орталықпен 2021 жылдан бері серіктесіп келеді. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Балалапандардың барлығын жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Біздің сыйлықтарымыз балалардың көңілінен шықты деген үміттемін.
Бұл орталықта 180-ге жуық бала бар. Әрқайсысының диагнозы әр түрлі. Сондықтан, биылғы жаңа жылдық ертеңгілікке 50-ге жуық бала қатысқан. Оларға дамытушы сыйлықтар: жолға арналған жинақтар мен моториканы, ойлау қабілетін және сенсорлық дағдыларды дамытуға көмектесетін ойыншықтар табысталды.
Мадина Хасенова, Алматы қаласы педагогикалық-психологиялық түзеу директоры:
- Балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында мерекелік іс-шара ұйымдастырдық. Оған бізге жыл сайын Air Astana компаниясы демеушілік көрсетіп, балаларға керемет көңіл-күй сыйлап, әрі өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп жылда қатысып отырады. Air Astana ұжымына ұжым атынан, ата-аналарымыздың атынан, бүлдіршіндердің атынан алғыс айтқым келеді.
Қайырымдылық жасау - Air Astana компаниясы үшін бір күндік науқан емес. Керісінше, жоспардағы жұмысының бірі іспетті. Сондықтан, алдағы уақытта компания ұжымы игі істі әрі қарай жалғастыруды көздейді.
Авторылары: Зұлқарнай Ермұратұлы,
Алия Феликскызы, Ерик Керимкулов

