Майдангерлер туралы мәліметтер бір порталға жинақталды

Майдангерлер туралы мәліметтер бір порталға жинақталды

Енді майдангерлерге қатысты бар мәліметті бір порталдан табуға болады. «Батырларға тағзым» деп аталатын онлайн база - мыңдаған сарбаздың тағдыры мен тарихын біріктіреді. Жоба аясында жауынгерлердің хаттары мен құжаттары, фотолары алғаш рет цифрлы форматта әзірленді. Қазіргі таңда порталға 678 мыңнан астам ардагер туралы мәлімет жинақталды. Деректер базасын қазақстандықтар да толықтыра алады. Ол үшін өтінім беру керек. Оны Ұлттық архивтің арнайы комиссиясы қарайды. Ал, деректердің растығы дәлелденген соң, ардагер жайлы ақпарат веб-порталға жарияланады.