Түркістан облысы: 75 мың тұрғын газбен қамтылды
Түркістан облысында 47 ауылға газ кірді. Демек, осы елді мекендердің 75 мың тұрғыны көмір жағып, күл шығару бейнетінен құтылған. Жалпы Түркістан облысы газдандыру жағынан Республикада бірінші орында тұр. Өйткені, өңір тұрғындарының 81% көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

