Ақмола облысының Анар ауылында сүт фермасы салынып жатыр
Ақмола облысы, Аршалы ауданының Анар ауылында сүт фермасы салынып жатыр. Жоба мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асуда. Берілген қаржыға ірі қара және қондырғылар алынған.
Фермада бір мезетте 600 ірі қараны ұстауға
болады. Қазір қоралардың құрылысы аяқталып, қондырғыларды орнату жұмыстары
жүріп жатыр. Тәулігіне 15 тонна сүт өндіру жоспарланған.

