Ақтөбе әуежайы аэрохабқа айналады

Ақтөбе әуежайы аэрохабқа айналады

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «ҚМГ-Аэро» ЖШС Ақтөбе әуежайында отын құю кешенін салу жобасын іске асыра бастады. Әуе айлағы болашақта авиациялық хабқа айналуы тиіс. Жаңа отын  құю кешенінің салынуы – осы міндетті жүзеге асырудағы маңызды кезеңнің бірі. Әуе жүк тасымалдарын дамыту қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атап өткен еді.