Қазақстанға жыл соңына дейін 18,5 трлн теңге инвестиция тартылуы керек

Қазақстанға жыл соңына дейін 18,5 трлн теңге инвестиция тартылуы керек

Қазақстан жыл соңына дейін негізгі капиталға ең кемі 18,5 трлн теңге инвестиция тарту қажет. Инвестициялық штаб отырысында Үкімет пен өңірлер алдына қойылған міндет туралы Республика Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты. Жалпы, 8 айда республика бойынша салымдардың көлемі 9 жарым триллион теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-тен сәл артық. Қаражаттың көп бөлігі тау-кен, өңдеу өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік секторына, көлік және қоймалауға тартылған. Жиында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы да қаралды. Олардың ішінде биотехнологиялық препараттар мен тамақ өнімдерін шығаратын зауыттар бар. Жиын соңында Үкімет басшысы Қазақстанға ірі инвесторларды тарту үшін Kazakh Invest ұлттық компаниясы мен республиканың шет елдегі мекемелерінің жұмысын жандандыруды, сондай-ақ министрліктер мен әкімдіктер деңгейінде қажетті шешімдерді жедел қабылдауды тапсырды.