Қазақстан мен Германия сауда көлемін арттыруда

Қазақстан мен Германия сауда көлемін арттыруда

Қазақстан мен Германия сауда көлемін арттыруда. Өткен жылғы көрсеткіш 41% тең келді. Тараптар шамамен 4 млрд долларға сауда жасасқан. Бұл ретте Германияға жеткізілген экспорт көлемі үш есеге артып, 924 мың тоннаны құрады. Бұл АҚШ валютасында 740 млн-нан асып түседі. Атап айтқанда, мұнай жеткізу 5 есеге жуық, ал көмір – 4,8 мың есеге өсті.

Бұдан басқа, Германияға үш есе көп турбиналы винтті қозғалтқыштар экспортталды. Барлығы 700 кг шақ келді. Сондай-ақ, өткен жылы еуропалық елге никель, ұшу аппараттары, балық филесі саудаланды.