Қостанайда инвестициялық форум өтті

Қостанайда инвестициялық форум өтті

Қостанай облысында ірі инвестициялық форум аяқталды. Оған отандық және шетелдік  бизнес өкілдері қатысты. Шара барысында өндірістік және әлеуметтік салалардағы бірқатар жобалар таныстырылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер өз тәжірибесін бөлісіп, әріптестік орнатты.

 

Астықты аймаққа соңғы екі жылда 1 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Аталған форум бұл табысты еселемек. Себебі, шара барысында металлургия, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және инфрақұрылым құрылысына қатысты тың жобалар ұсынылды.