Ақтөбедегі кратер аумағы экотуризм нысанына айналады

Ақтөбедегі кратер аумағы экотуризм нысанына айналады

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы Жаманшың кратері аймағы – экотуризмді дамытуға таптырмас нысан. Бұл  кратер  шамамен миллион жыл бұрын аспан денесінің құлауы салдарынан пайда болған. Ғалымдардың пайымынша, диаметрі 400 метр метеорит жермен соқтығысқан сәтте жарылыс болып, қызуы цельсий бағамымен 1700 градусқа дейін жетіпті. Нәтижесінде жер қыртысы лезде күлге айналып, көкке ұшқан кейбір бөлшектері жаңбырша жауған. Қазір кратердің 7 шақырымдай аумағында жоталар бірлі-екілі кездеседі. Ал иргизиттер мен жаманшиниттер саны күрт азайған. Сондықтан қорғауға алып, туристік нысан ретінде ғана қолдану маңызды.  

Айымгүл Оразымбетова, Ырғыз ауылдық округінің әкімі:

- Ресейден көп келеді. Жазғы уақытта көп келіп, бірнеше тәулік жатып, демалып, бұл жерден энергия алып кетеді. Сол себепті бұл Жаманшың метеорит кратерінің болашағы өте зор деп ойлаймыз. Қазіргі таңда тек қана осы облыстың, республиканың кішкене ғана қолдауы өте маңызды болып тұр.