Жағалаудағы тәртіпті дрондар бақылайды
Алакөл жағалауында шомылу маусымында қауіпсіздік пен
қоғамдық тәртіпті сақтау үшін дрондар мен бейнебақылау камералары кеңінен
қолданыла бастады. Ақши мен Көктұма ауылдарында жүзден аса камера орнатылып,
жағалауда тәулік бойы патруль жүргізілуде. Бұл құрылғылар құқық бұзу деректерін
дер кезінде анықтап, тиісті қызметтерге хабар беріп отырады. Полиция мен
құтқару қызметтері дрондар арқылы қауіпті жерлерде шомылып жүрген демалушыларға
ескерту жасайды.

