Ақжар ауылында «Деңсаулық сақтауды жаңғарту» жобасы аясында медициналық пункт ашылды

Павлодар облысының Ақжар ауылында жаңа медициналыққ амбулатория ашылды. Осыған дейін қалаға сабылған шалғай ауыл тұрғындары енді дәрігердің көмегіне алысқа бармай-ақ жүгіне алады.

Май ауданындағы Ақжар ауылында 500-ден астам адам тұрады. Мұнда медицина нысаны мүлдем болмаған. Басы ауырып, балтыры сыздағандар дәрігерге қаралу үшін аудан басына сабылатын. Сондықтан амбулаториялық пункттің ашылуын тұрғындар көптен күткен. Амбулатория керекті құрылғымен толық жабдықталған.