10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстанда 10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осындай шешім қабылдағанын Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.