746 млрд теңгеге жәрдемақы берілген
Елімізде 746 млрд
теңгеге жәрдемақы мен әлеуметтік төлем жасалған. Бұл азаматтарға былтыр
берілген көмектің жалпы сомасы. Мұнда мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан
айырылғандар мен еңбекке жарамсыз азаматтар да бар. Былтыр мұндай төлем 750
мыңға жуық адамға беріліпті. Оның 101 мыңы еңбек ету қабілетінен айырылғандар,
68 мыңы асыраушысы жоқтар. Ал әлеуметтік төлемнің әр адамға жасалатын
мөлшерлемесі болады. Оған әрбір азаматтың екі жылдағы орташа айлық табысы мен
сақтандыру қорына аударған қаражаты есептеледі. Ал биыл мұндай төлем түрлері
10%-ға өскен. Жалпы көмек түрлерінің орташа мөлшері 71 мың теңге болса,
мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін ай сайынғы қаржы 61 мың теңгеден
басталады.

