Алаяқтар 1 тәулікте 47 миллион теңге иемденген

Алаяқтар 1 тәулікте 47 миллион теңге иемденген

Ақмола облысында айналдырған бір тәулікте алаяқтар 47 миллион теңгенің заңсыз иемденген. Жергілік полиция департаментінің хабарлауынша, өңірдегі бөлімшелерге алаяқтық фактілер туралы бірнеше арыз келіп түскен. Мәселен, Көкшетауда 37 жастағы қала тұрғынына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін салық қызметкері деп таныстырған. Жәбірленушінің сеніміне кіріп 4 миллион 739 мың теңге аударуға мәжбүр еткен. Ал, 32 жастағы Степногорск тұрғыны «Қазпошта» мен Әділет департаменті атынан шалынған жалған қоңыраудан кейін 21 миллион 600 мың теңгесінен айырылған. Аймақтың тағы екі тұрғыны дивидендтер есебінен баюды көздеп, алаяқтар құрығына ілінген. Бірін «Қазатомпром» мобильді қосымшасы арқылы пайда табасыз деп алдаса, екіншісін криптовалютаға инвестиция салыңыз деп 12 миллион теңгесін иемденіп алған.