Алматы облысында смарт жылыжай іске қосылды

Алматы облысында смарт жылыжай іске қосылды

Әлемнің кез келген түкпірінде жүріп өсімдіктерді бақылау. Алматы облысындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жанынан смарт жылыжай ашылды. Ол инновациялық корей технологияларына негізделген. Жылыжай толығымен автоматтандырылған, яғни жүйе арқылы желдеткіштерді қосып, өсімдіктерді суарып, топыраққа қорек заттар қосады. Қарапайым жылыжайдан жылына 300 тоннаға дейін өнім алынса, бұл жерден алынатын өнім 450 тоннаға дейін жетеді. Мұнда студенттер, магистрлер, PhD докторлары теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Жеке шаруа қожалық иелеріне де арнайы оқыту жұмыстары жүргізілмек.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бүгінде Қазақстанда қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып жылыжайлар салу қарқын алуда. Шындығында агроөнеркәсіптік кешенге студенттер, осы технологияларды қолдануда тікелей практикалық тәжірибесі бар мамандар қажет. Сондықтан бұл – Қазақстанның ЖОО үшін қажет мамандарды даярлауға өте жақсы мүмкіндік.

Ким Джон Ку, Корея Ауыл шаруашылығы саясаты департаментінің директоры:

- Жылыжай – қазақстандық ғылым үшін де, ауыл шаруашылығы үшін де үлкен мүмкіндік. Бұл жылыжай арқылы екі елдің қарым-қатынасы жақсара түседі деп ойлаймыз. Қазақстан болашақта өз ауылшаруашылық өнімдерін экспорттай алатын болады. Сондай-ақ талантты, жаңа технологияны меңгерген мамандарды тәрбиелеу үшін мол мүмкіндік береді.

Инновациялық жылыжай салу осыдан екі жыл бұрын Қазақстан-Оңтүстік Корея бизнес-форумында шешілген болатын. Сол кезде екі мемлекет басшылары ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласқан еді.