Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Кездесу барасында қала әкімі бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, кезекте тұрған азаматтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын ұлғайту, жаңа мектептер салу арқылы үш ауысымды оқу проблемасын шешу, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, газ тарту мәселесі, тұрғын-үй алаптарын дамыту, жеке инвестициялар тарту жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы жалпы әкімдік жүргізіп жатқан жұмыстарды қолдап, Алтай Көлгіновке елорданың инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, қала тұрғындарының түйткілді мәселелерін шешуді тапсырды.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

– Президентіміз елорданың инфрақұрылымдық даму жөніне баса назар аударуды тапсырды. Мысалға, ол жылу желілерін уақытылы іске қосу. ТЭЦ-3 құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар таза ауыз су көлемін көбейту жөнінде. Себебі елордада халықтың саны жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес біз судың да мөлшерін көбейтуіміз қажет. Сонымен бірге, инженерлік желілер. Ол электр желілерімен қамтамасыз ету, жаңа құрылыс аудандарында тиісті инженерлік инфрақұрылымды дамыту.