Елу жылдан соң асфальт төселді
Елімізде 50 жыл бойы жөндеу көрмеген асфальттар да бар.
Қазір «Жезқазған – Петропавл» тас жолы жөнделіп жатыр. Бұған дейін мұнда тек
грейдерлі жол болған. Енді жөндеу жұмыстарынан кейін бұл бағыттың әлеуеті арта
түседі. Мәселен, елдің оңтүстік өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстан мен
Қырғызстаннан Астанаға дейінгі жол 600 шақырымға қысқарады. Қостанай мен
Петропавлға дейінгі қашықтық 450 шақырымға дейін азаяды. Сондай-ақ, бұл жол
елдің оңтүстігінен Ресей Федерациясына, Екатеринбург пен Челябі сияқты
қалаларына жетуді жеңілдетеді.

