Қазақстанда 75 жаңа мамандық ашылады
Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды. Бұл
туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан
мәлімдеді. Мамандық атласындағы өзгеріс елдегі еңбек нарығының
цифрландырылуымен тікелей байланысты. Әсіресе, металлургия, тау-кен өндірісі
мен машина жасау салаларында серпіліс көп. Енді алда жаңа мамандықтарға кадр
даярлау міндеті тұр.

