Ерлан Қожағапанов 3 жылға сотталды

Ерлан Қожағапанов 3 жылға сотталды

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қызмет бабын пайдаланып, мердігер ұйымға лобби жасады, яғни жоғарылатып көрсетілген шығындар сметасын бекітті деген күдікке ілінген. Оның бұл әрекеттері бюджетке аса ірі көлемде залал келтірген. Бұған дейінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы күдіктіні Қылмыстық кодекстің 361-ші бабы бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Еске салайық, Ерлан Қожағапанов 2013-2016 жылдары Спорт және дене шынықтыру агенттігін басқарды. Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметін де атқарды. 2017-2019 жылдар аралығында Мәдениет және спорт вице-министрі болды. Ал былтыр 1 - наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.