Ұлытау облысы: Өңірдің спорт картасы кеңейіп келеді

Ұлытау облысы: Өңірдің спорт картасы кеңейіп келеді

Ұлытау облысының спорт картасы кеңейіп келеді. Саланың инфрақұрылымын дамытуға ерекше ден қойылған. Өңірде 183 спорт нысаны бар. 2 мыңнан астам үйірмеде 37 мың бала мен жасөспірім шұғылданады. Кәсіби әрі бұқаралық спорттың дамуын «Қазақмыс» компаниясы қаржыландырып келеді.

Айымның көркем гимнастикамен айналысып жүргеніне сегіз жылдан асты. Ол табандылығы мен тынбай еңбектенуінің арқасында талай белесті бағындырды.