Әмина Арыстанбек «Sanremo Junior-2021» байқауында жүлделі орынға ие болды

Әмина Арыстанбек «Sanremo Junior-2021» байқауында жүлделі орынға ие болды

Қазақстандық Әмина Арыстанбек Италияда өткен әйгілі халықаралық «Sanremo Junior-2021» балалар байқауында екінші орынды иеленді. 10 жасар жас вокалист, скрипкашы оркестрдің сүйемелдеуімен «Fairytale» композициясын орындады. Сонымен қатар Әмина байқауда арнайы жүлде Украинаның «Junior Eurovision» халықаралық байқауының финалына шақыру алды. Жүлдені ұйымның директоры Влад Багинский табыстады. Байқау 2021 жылы 30 қазанда Киевте өтеді.