Қазақстанда утиль алым мөлшерлемесі төмендейді

Қазақстанда утиль алым мөлшерлемесі төмендейді

Көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникаларына алынатын утиль алым мөлшерлемесі айтарлықтай төмендетіледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін утиль алымның жаңа нормасы айдың соңына дейін бекітілуі тиіс еді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Ластаушы заттардың зиянын азайтуға, қалдық және су ресурстарын басқару жүйесін жақсартуға, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жалғасады. Жұмыс көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларына алынатын утиль алым мөлшерлемесін айтарлықтай төмендету бағытында қаралып жатыр.

Жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді

Сондай-ақ Әлихан Смайылов жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінетінін айтты. Бұл азаматтардың эконом класындағы отандық автомобильдерді сатып алу мүмкіндігін кеңейтпек.