Антониу Гутерриш: Ауғанстан лаңкестік ұйымдардың мекеніне айналмау керек

Халықаралық қауымдастық Ауғанстанның лаңкестік ұйымдардың мекеніне айналамауына күш салу керек. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы елге қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында осылай деп мәлімдеді. Ұйым басшысы, сондай-ақ, «Талибан» мен барлық тарапты халықаралық құқықты сақтап, гуманитарлық ұйымдардың еш кедергісіз қатынауын қамтамасыз етуді сұрады.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Халықаралық қауымдастық Ауғанстан лаңкестік ұйымдар паналайтын мекенге айналмау үшін күш салуы керек. Мен бұл істе әлем елдерін бірігіп әрекет етуге шақырамын және Ауғанстандағы лаңкестік қауіпті жойып, адам құқықтарын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаумыз қажет.

 

Кабулдағы ахуал тұрақсыз

Ал Кабулдағы жағдай әлі де тұрақсыз. Бүгінде тәліптердің қолына көшкен Кабулдағы әуежай АҚШ пен Ұлыбритания сарбаздарының бақылауында. Әуе айлағы шетелдіктер мен шетелде саяси баспана алған жергілікті тұрғындарды эвакуациялау үшін қолданылып жатыр. Бірақ тәліптерден қашқан адамдар қарасы қалың. АҚШ жуық арада ол жерге тағы 500 әскерін аттандырмақ. Қазір онда 2,5 мың америкалық, 700 британдық сарбаз бар.

Өз кезегінде Джо Байден Ауғанстаннан АҚШ әскерін алып кету туралы шешіміне еш өкінбейтінін жеткізді.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Біз Ауғанстанға 20 жыл бұрын, 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа лаңкестік шабуыл ұймдастырғандарды ұстау үшін барған едік және «Әл-Қаида» қозғалысының Ауғанстанды елімізге қарсы пайдалануына жол бермеу де өте маңызды еді. Біз көздеген мақсатымызға қол жеткіздік.