Архив саласына жасанды интеллект енгізілуде
Енді архив деректерді пайдалануда жасанды интеллект қолданылады. Бұл туралы
бүгін Астанада өткен Digital Archive EXPO Халықаралық конгресінде айтылды. Осы
ретте отандық ғалымдар бірнеше ЖИ жобаларын іске асырып жатыр. Олардың
қатарында архив қоймаларын басқаруға арналған AI Geotopography, құжаттарды
автоматты танитын AI Archival, виртуалды гид AI Mura және сараптамалық көмекші
QuralAI Assistant бар. Аталған жобалар архив қызметкерлерінің жұмысын
жеңілдетіп, құжаттарды өңдеу жылдамдығын арттырады. Сондай-ақ архив қорлары кез
келген оқырманға бұрынғыдан да қолжетімді болмақ. Айта кетейік бүгінгі жиынға
30 елдің осы саладағы үздіктері жиналған. Олардың арасында Ұлыбритания, Қытай,
Сингапур елдерінің мамандары да бар.

