Асқабақ пен жылқы етінен ерекше астың дайындалу тәсілі

Бүгін біз «Асқабақ табақ» және «ірімшік пен қаймақ қосылған қаттама» пісіреміз. Алдымен асқабақ пен жылқы етінен ерекше дәмді ас дайындаймыз. Ертеде асқабақты ыдыс ретінде, яғни қазанның орнына пайдаланған. Асқабақпен пісірілген жылқы еті өте жұмсақ әрі дәмді болады.