Astana LRT: вагондар рельске қойылып жатыр
Ең ұзын болмаса да Астана метросының да іске қосылатын
күні жақындап келеді. Қазір ЛРТ-ның вагондары рельске қойыла бастады. Оның
әрбір құрамы төрт вагоннан жасақталады. Олар Қытайдың Таншань қаласында
өндірілген. Заманауи, төрт секциялы, жүргізушісіз жүретін, автоматтандырудың
төртінші деңгейіндегі вагондардың әрқайсысы 650 жолаушыға шақталған. Әрі
құрамдарды өндіруде жолаушылардың қозғалыс және акустикалық жайлылығын
қамтамасыз ету үшін жеңіл әрі берік материалдар қолданылған. Айта кету керек,
Астана ЛРТ 2026 жылдың 1-тоқсанынан бастап алғашқы жолаушыларды таси бастайды.
Бұл туралы бұған дейін қала басшысы Жеңіс Қасымбек айтқан еді.

