Бірыңғай уақыт белдеуі қайта қаралуы мүмкін
Үкімет бірыңғай уақыт белдеуін қайта қарауы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жақында осы мәселені депуттар да көтерген. Олар уақыттың өзгергеніне әсіресе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жетісу және Абай облыстары наразы екенін жеткізіп, Парламенттік тыңдау өткізетінін айтқан. Бірақ, әзірге өзгерістің кері әсерін дәлелдейтін ғылыми дәйек жоқ. Ғалымдар қазіргі белдеу күн цикліне сәйкес келетінін айтады. Яғни, ол денсаулыққа әсер етпейді. Сонда да халық айтса, қалып айтпайтынын қаперден шығармаған дұрыс. Сондықтан Үкімет бұл сұрақ әлі де мұқият зерделенеді, - дейді.
– Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілгеніне бір жыл да болған жоқ. Бақылап, зерттеу керек. Депуаттардың сауалдарын қарап шығамыз. Алдымен аргументтерін мұқият тыңдау керек. Сосын сұрақ тиісті органға жолданады.

